» Материалы за Май 2016 года

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны

Автор: admin от 23-05-2016, 11:37, посмотрело: 4071

0

 


 

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Категория: Мектеп

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы

Автор: admin от 23-05-2016, 11:33, посмотрело: 698

0

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Категория: Мектеп

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

Автор: admin от 23-05-2016, 11:32, посмотрело: 1178

0

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

 


 

Категория: Мектеп

 

"№123 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Автор: admin от 17-05-2016, 14:47, посмотрело: 542

0

 

 

"№123 жалпы орта мектебі”
коммуналдық мемлекеттік мекемесі


2013 жыл 28 - қараша қолданысқа берілген.
Құрушы "Нури – Л – Жетісай” ЖШС фирмасы. 

Мектеп 2 ауысымда оқыйды.

•І – ауысымда 14 сынып 227 оқушы.
•1-МАДТ – 18 тәрбиеленуші.
•ІІ – ауысымда  9 сынып 131 оқушы.
•1-МАДТ – 18 тәрбиеленуші.

•Жалпы 23 сынып 394 оқушы.

   Кабинеттер

•Оқу кабинеттері                          22
•Оның ішінде:  
•Лингафон                                    2
•Информатика                              2
•Шеберхана                                  3
•Химия, биология                        1
•Физика                                         1  

    Атаулы кабинеттер 

•Алтынбеков Маханбет атындағы ойын бөлмесі  1                                       
•Рустемов Сәрсенбай атында өзін-өзі тану кабинеті                                  
• Тұрсынбаев Садық атындағы тарих  кабинеті 1                                       
•Ауанов Сейдуалы атындағы алгебра кабинеті    1                                    
•Ахмедов Сапар атында бастауыш сынып кабинеті                                    
•Муратов Қуандық атындағы АӘД кабиеті  1                                                    
•Жалменов Тілеулес атындағы  қазақ тілі кабинеті 1 

 






 

Категория: Мектеп

 

Мектеп директоры

Автор: admin от 13-05-2016, 07:11, посмотрело: 587

2
Мектеп директоры

Атаев Тасболат Абламитович

Туылған жылы: 10.09.1966
Туылған жері: ОҚО. Мақтаарал ауданы «Ынтымақ» а/о Нұр ауылы
Білімі: Жоғары, ШПИ 1984 – 1990 ж
Мамандығы: Тарих, қоғам тану пән мұғалімі. Тәрбие ісінің методисі.
Әскер қатарында: 1984 – 1986 ж. Рязань қаласы.
Еңбек жолы: 1990 – 1991 ж. Жамбыл орта мектебі тарих пән мұғалімі
1991 – 1998 ж. С. Асанов ЖОМ тарих пән мұғалімі
1998 – 2013 ж. С. Асанов ЖОМ әскери жетекші
2013 ж. «№ 123 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры
Жанұялық жағдайы: үйленген, 2 қыз, 3 ұлы бар.

Категория: Әкімшілік

 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Автор: admin от 13-05-2016, 07:11, посмотрело: 547

2
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары


Байменова Перизат Абибуллаевна

Байменова Перизат Абибуллаевна 18.08.1985ж ОҚО МА Алғабас ауылы дүниеге келген.1991-2002 ж аралығында Алғабас ауылындағы «Береке» ЖОМ бітірген. 2002 – 2006 ж ОҚО Шымкент қаласы М.Әуезов университетінің филология факултетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығын оқып бітірген. 2008 жылдан бастап «Дәуір» ЖОМ КММ қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімі болын қызмет істеген 2013 жылдың қарашысынан бастап «№123 ЖОМ» КММ ДОІЖО болып қызмет атқарады Отбасылы 2 ұл,
1 қызы бар Жұбайы Ходжаев Пердебек №123 ЖОМ КММ іс жүргізуші болып қызмет атқарады.

Категория: Әкімшілік

 

Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Автор: admin от 13-05-2016, 07:10, посмотрело: 502

2
Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары

Абдуманапов Садық Жаппарович

Абдуманапов Садық Жаппарович 27.04.1960 жылы Киров ауданы Победа совхозында дүниеге келген. «Энгельс» атындағы мектепте білім алып 1979 жылы Победа совхозының 4 бөлімшесінде жұмысшы болып еңбек еткен.1979 жылы «СПТУ -92 » оқуға түсіп механизатор мамандығын алады. 1979 жылы Шымкент педагогика институтының «Бастауыш сынып педагогикасы мен методикасы» факультетіне оқуға түсіп, 1983 жылы тәмәмдап Киров көмекші мектеп интернатына тәрбиеші болып қабылдандым. 1987 жылы мұғалім болып ауыстым. 1989 ж «Жамбыл» о/м кітапханашы және ән сабағының мұғалімі болып жұмыс істеген. 1993 ж бастауыш сыныптарда ДОІЖО болып қызмет атқарған.
2013 ж бастап «№123 ЖОМ» КММ ДОІЖО болып қызмет атқарады.

Категория: Әкімшілік

 

Біздің мекен-жайымыз

Автор: admin от 13-05-2016, 07:07, посмотрело: 475

0
ОҚО, Мақтарал ауданы,
Ж.Ералиев ауылдық округі,
Ғ.Мұратбаев ауылы
 

 



Категория: Мекен жайымыз

 

ҰБТ-ға дайындау жолдары

Автор: admin от 13-05-2016, 07:05, посмотрело: 589

1
ҰБТ дегеніміз не және оның міндеттері?
ҰБТ дегеніміз не?
Бұл жаңа технологияларға негізделген, мектеп түлектерінің қорытынды мемлекеттік аттестациясын және колледждер мен жоғары оқу орындарына түсу емтихандарын біріктіретін, білім беру ұйымынан тәуелсіз, білім сапасын бағалаудың мемлекеттік жүйесі.
ҰБТ мақсаты: білімнің жоғары сапасын қамтамасыз ететін оқу жетістіктерінің сыртқы тәуелсіз бағасының жүйесін құру.
ҰБТ міндеттері:
1. Бірыңғай өлшеу материалдарының көмегімен білім сапасын мемлекеттік бақылау мен басқаруды қамтамасыз ету;
2. білім сапасын бағалаудың шынайылығын, дұрыстығын арттыру;
3. Жоғары және орта кәсіптік білімге қол жеткізуде әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде оқушыларды ҰБТ тапсыруға психологиялық тұрғыдан дайындау қажет.
Тесті тапсыруға ешкім арнайы үйретпейді, бірақ соған қарамастан, ондай психологиялық білім өте пайдалы. Олар тестіге дайындалу тиімділігін арттырып, тесті кезінде өзіңді ойдағыдай ұстауға көмектесіп қана қоймайды, сонымен қатар ой жұмысы дағдыларын дамытуға, маңызды кездерде өзіңді жұмысқа жұмылдыруға, өзіңнің эмоцияларыңды қолға алуға көмектеседі. ҰБТ рәсімі ойыңды әбден жинақтап, бар назарыңды соған аударып, мұқият және ұқыпты болуды, бір тапсырмадан екіншісіне жылдам көше білуді талап етеді.
Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң даму сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ – бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасындамасы.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапсын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ - ның мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен бағдарламаны қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.

Бағдарлама - мемлекеттiк құжат. Оны толық меңгеру оқушының, меңгерту - мұғалiмнii ең басты мiндетi. Мектеп сол арқылы баланы ертеңгi өмiрге даярлайды, оқушының болашақта белгiлi бiр мамандық иесi болуына жағдай жасайды.
ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.
Ең бастысы оқушыларды емтиханға тек тест арқылы емес, сонымен бірге барлық – оқу бағдарламасымен жауаптарды сезіне білуге үйрету.
Тесті тапсыру процесін психологиялық қамтамасыз ету мәселесін талқылай отырып, оның 3 кезеңін атап өту қажет:
1. Тестіге дайындық, тесті алдында оқу материалын зерделеу;
2. Тестілеу алдындағы мінез - құлқың;
3. Нақты тесті кезіндегі мінез - құлқың.

Категория: Мектеп дәстүрі

 

ҰБТ-ға дайындық бойынша ата-аналарға кеңес

Автор: admin от 13-05-2016, 07:05, посмотрело: 681

1
АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС

 

Құрметті ата-аналар!

Психологиялық қолдау– балаңыздың ҰБТ-ны сәтті тапсыруының бірден-бір маңызды факторы. Баланы қалай қолдау керек?

-  Оның күшті жақтарына сүйеніңіз.

-  Балаңыздың нашар жақтарын бетіне басудан аулақ болыңыз.

 -  Үйде достық жағдай қалыптастырыңыз.

-  Үйде сабақ қарауға ыңғайлы орын дайындаңыз.

-  Пән бойынша әртүрлі нұсқадағы тест тапсырмаларын дайындаңыз.

-  Балаңызға әр күнге дайындық тақырыбын бөлуге көмектесіңіз.

-  Бір уақытта қатал әрі мейірімді болыңыз, бірақ судья рөлінде болмаңыз.

-  Балаңызды қолдаңыз, оның уайымдап жүргенін түсінетініңізді көрсетіңіз.

-  ҰБТ-ның алдында баланың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін.

-  Баланың ҰБТ-ға дайындық режимін бақылаңыз.

-  Уақытты үнемдеуге үйретіңіз.

-  Тамақтануына көңіл бөліңіз:  баланың ақыл-ой жұмысы уақытында нәрлі және алуан түрлі тағам қажет.

-  Балаңыздың хал-жағдайын бақылаңыз, оның әбден жалығуына жол бермеңіз.

-  Тестілеу алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз.

Есіңізде болсын: ең негізгісі – дұрыс ниет, баланың өз мүмкіндіктерін бағалай алуы, уақытты дұрыс бөлу және жүйелі дайындық.

Емтиханды сәтті тапсыру көбіне баланың көңіл-күйіне және соған ата-анасының қатынасына байланысты. Баланың емтиханға дұрыс дайындалуына көмектесу үшін бірнеше кеңесті орындап көріңіз:

·  Балаңыздың емтиханда алатын ұпай саны сізді мазаламайтынын көрсетіңіз. Ұпай саны білімін толық көрсете алмайтынына  сендіріңіз.

 ·  Емтихан алдында балаңыздың үрейін жоғарылатпаңыз – бұл нәтиженің төмендеуіне әкелуі мүмкін. Жас ерекшелігіне сәйкес бала өзінің эмоциясына ие бола алмай бірдеңе бүлдіріп қоюы мүмкін.

·  Үйдегілердің ешқайсысы бөгет жасамайтындай баланың сабақ қарауына ыңғайлы орын қамтамасыз етіңіз.

·  Тест тапсырмалары бойынша жаттығулар уақытында уақытты үнемдеуге және оны дұрыс бөлуге үйретіңіз.

·  Емтиханға дайындық режимін бақылаңыз және шамадан артық оқуға жол бермеңіз.

·  Тамақтануына көңіл бөліңіз. Балық, ірімшік, жаңғақ және тағы басқалар адам миының жұмыс істеуін жақсартады.

·  Емтихан алдында балаңыздың толық демалуын қамтамасыз етіңіз, ол демалуы және ұйқысын қандыруы қажет.

·  Емтиханнан кейін баланы сынамаңыз.

·  ЕСІҢІЗДЕ БОЛСЫН: негізгісі – уайымын, үрейін төмендету және баланың сабақ қарауына жағдай жасау.

Категория: Ата-аналарға

 
Назад Вперед