Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұраны

Автор: admin от 23-05-2016, 11:37, посмотрело: 4077

0

 


 

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні

Бұрын «Менің Қазақстаным» әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде орындалды.

Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.

Категория: Мектеп

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік елтаңбасы

Автор: admin от 23-05-2016, 11:33, посмотрело: 699

0

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ  «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов.

Категория: Мектеп

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы

Автор: admin от 23-05-2016, 11:32, посмотрело: 1180

0

 

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы

Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

 


 

Категория: Мектеп

 

"№123 жалпы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Автор: admin от 17-05-2016, 14:47, посмотрело: 543

0

 

 

"№123 жалпы орта мектебі”
коммуналдық мемлекеттік мекемесі


2013 жыл 28 - қараша қолданысқа берілген.
Құрушы "Нури – Л – Жетісай” ЖШС фирмасы. 

Мектеп 2 ауысымда оқыйды.

•І – ауысымда 14 сынып 227 оқушы.
•1-МАДТ – 18 тәрбиеленуші.
•ІІ – ауысымда  9 сынып 131 оқушы.
•1-МАДТ – 18 тәрбиеленуші.

•Жалпы 23 сынып 394 оқушы.

   Кабинеттер

•Оқу кабинеттері                          22
•Оның ішінде:  
•Лингафон                                    2
•Информатика                              2
•Шеберхана                                  3
•Химия, биология                        1
•Физика                                         1  

    Атаулы кабинеттер 

•Алтынбеков Маханбет атындағы ойын бөлмесі  1                                       
•Рустемов Сәрсенбай атында өзін-өзі тану кабинеті                                  
• Тұрсынбаев Садық атындағы тарих  кабинеті 1                                       
•Ауанов Сейдуалы атындағы алгебра кабинеті    1                                    
•Ахмедов Сапар атында бастауыш сынып кабинеті                                    
•Муратов Қуандық атындағы АӘД кабиеті  1                                                    
•Жалменов Тілеулес атындағы  қазақ тілі кабинеті 1 

 






 

Категория: Мектеп