» Материалы за 23.01.2017

 
 
 
Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

«№123 жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі ДОІЖО: Байменова Перизат Абибуллаевнаның баяндамасы.

Автор: admin от 23-01-2017, 11:26, посмотрело: 740

1

«№123 жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мектебімізде «XXI ғасыр көшбасшысы-2017»интеллектуалды білімділер сайысы өтті.Сайысқа 10 және 11 сынып оқушыларының үздік оқушылары Тілеуберген Б,Нуров Ж,Анарбаев Э,Суванқұл М,Абсаматов Қ,Тоймуратова Д,Бөрібек Н,Рахымбай Б,Сарсенбек А,Сейтқожа Қ,Раджапова М қатысты.

Сайыстың шарты: (Шартта берілген сұрақтар мен тапсырмалар мектеп бағдарламасы бойынша жасалды)

І-кезең.

1-тур «Топжарған»(тест қазақ тілі 10 сұрақ,орыс тілі 5 сұрақ, ағылшын тілі 5 сұрақ),2-тур «Бәйге»(Қазақстан тарихынын 20 сұрақ 1 минут ішінде)

ІІ-кезең

1-тур»Шырмаудан шығу» (Есептер шығару алгебра 3 есеп,физика 2 есеп,химия 2 есеп ),2-тур «Көкпар»(қазақ әдебиеті,ДЖ тарих,география,биология пәндерінен деңгей бойынша 6 сұрақтан)

ІІІ-кезең

«Ойлан-тап» логикалық сұрақтар.

1-кезеңнен аз ұпай жинаған 6 оқушы сайыстан шығарылды.Қалған 6 оқушы

2-кезеңге өтіп Шырмаудан шығып,есептерді  дұрыс әрі нақты шығарып  берді.Төмен ұпай жиған 3 оқушы осы кезеңде сайысын тоқтатты.3-кезеңге 11 сынып оқушылары Б.Тілеуберген ,Ж Нуров,Э Анарбаевтар өтті.Биылғы жылғы түлектеріміз логикалық сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап берді.Қорыта айтқанда «XXI ғасыр көшбасшысы-2017ж» бас жүлдесін мектебіміздің «Алтын белгіге» үміткер оқушысы Б.Тілеуберген  жеңіп алды.Барлық қатысушыларға ынталандыру сыйлығы берілді.Сонымен қоса сайысқа «Сырдария» мектебінен Еримбетова  Гүлжазира апай, М.Мақатаев мектебінен  Бердимуратова София апайлар  келіп,сайысқа қатысқан оқушыларға өмірлерінде  бұдан да үлкен биік белестерді бағандаратын,  білімді ұрпақ болып өсіп келе жатқандарын айтып, түлектеріміздің ұшуына сенімді қанат бітіргендей болды.

Мектебіміздің директоры Т.Атаев пен ОІЖО С.Абдуманаповта «Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар шығып» білім бәйгесінде оза шауып жетістікке жеткен жеңімпаздарды марапаттады.

 

 

 


 

 

«№123 жалпы орта мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі ДОІЖО: Байменова Перизат Абибуллаевна  

Категория: Мектеп дәстүрі