» » "№123 жалпы орта мектебінде" ұлттық асық ойыны

 
 
 

"№123 жалпы орта мектебінде" ұлттық асық ойыны

Автор: admin от 17-01-2017, 23:55, посмотрело: 946

3 Мақтарал ауданы білім бөлімінің кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың және қылмыстың алдын алу бойынша оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ұлттық асық ойыны жоспарланған түрде Ходжаев Пердебек ағайдың жетекшілігімен "Алтын сақа" – үйірмесі құрылды.
Мақсаты: Қазақ халқының ұмыт қалған ұлттық ойынын дәріптеу арқылы оқушыларды өз ұлтының тарихына, салт-дәстүріне, ұлттық ойынына деген қызығушылығын ояту. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйелерін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Мұндай қасиеті болмаса, адамда төзімділік, шыдамдылық та болмайды. Бұл ойынның еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін ойнайтын түрлері болған.
Үйірмеге 2-10 сынып оқушылары арасынан 25 оқушы ниет білдірді. Асық ату ойынының алғашқы сабағында мектеп директоры Т.Атаев, ШІЖО М.Бабашев, математика пән мұғалімі Ж.Тұрсынбаев, география пән мұғалімі Ш.Абдықадыров, өзін-өзі тану пән мұғалімі С.Абдукаримов, информатика пән мұғалімі Р.Сейдуалиев және Р.Ходжаев, дене шынықтыру пән мұғалімдері өз тәжірибелерімен бөлісті.
П.Ходжаев оқушыларға асық айынына түсіндірме жүргізді: Асық ойыны — қазақ халқының дәстүрлі ойыны. Асық ойыны күндіз де, түнде де ойналады. Күндізгісі – мергендікке, түнгісі – ептілікке баулиды. Иіргенде түскен қалпына қарай асық – алшы, тәйке, бүк, шік деп, ал атуға арнап арнайы қорғасын құйылып жасалғаны – сақа, жақсылары – оңқы аталады. Асық ойынының мынадай түрлері бар: құмар,тәйке,омпы, алшы, ханталапай. Оқушылар бір-бірлеп асық ату ойынына кірісіп кетті.


"№123 жалпы орта мектебінде" ұлттық асық ойыны 
"№123 жалпы орта мектебінде" ұлттық асық ойыны
"№123 жалпы орта мектебінде" ұлттық асық ойыны
"№123 жалпы орта мектебінде" ұлттық асық ойыны
"№123 жалпы орта мектебінде" ұлттық асық ойыны
"№123 жалпы орта мектебінде" ұлттық асық ойыны
"№123 жалпы орта мектебінде" ұлттық асық ойыны
"№123 жалпы орта мектебінде" ұлттық асық ойыны
"№123 жалпы орта мектебінде" ұлттық асық ойыны

Категория: Мектеп дәстүрі

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
18 января 2017 00:38

Risbek86

  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
Қазақтың ұлттық ойыны асық ойнау нағыз пайдалы ойын smile smile

<
  • 0 комментариев
  • 0 публикаций
  • ICQ:
13 февраля 2017 02:09

IndiraTanir

  • Группа: Гости
  • Регистрация: --
  • Статус:
 
Асығың алшысынан түссін деп бекер айтпаса керекті ата-бабаларымыз. мектептегі әрбір оқушының асығы алшысынан түсіп биік белестерден көріне берсін деп тілейік.